Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та ұсталған қазақстандықтарға қатысты сот басталды

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2018
  • 2604

АҚШ-та ұсталған 3 қазақстандық азаматшаға қатысты сот басталды. Олар ақша жымқырудың қылмыстық схемасына қатысы бар деп айыпталып отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр хабарлады. Ол Нью-Йорктегі Қазақстанның бас консулдығы айыпталушылардың туыстарымен адвокаттарымен байланысып, қажетті көмек жасап жатқанын айтты.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Келесі сот тыңдауы қазан айына жоспарланған. Айыптау бабына сай олар 20 жылдан 30 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бағалы көліктерді сатумен айналысып, бастапқы жарнасын алған соң іздерін суытып отырған қылмыстық топ құрамында 7 елдің 25 азаматы бар. Келген шығын 4,5 млн доллар.