Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектеп бағдарламасына алғашқы медициналық көмек көрсету пәні енгізілуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2018
  • 3875

Денис Теннің өлімінен кейінгі Алматыдағы Қоғамдық кеңес ұсыныстары Президент әкімшілігіне жолданған. Бұл туралы кеңес төрағасы Рахман Алшанов айтты. Оның айтуынша, қазір қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бұған дейін біріктірілген жол және патрульдік полиция қызметтері қайта бөлінді. Автобөлшектерді сататын орындар жиі тексерілетін болды. Ал білім беру бағдарламасына алғашқы медициналық көмек көрсету пәнді енгізілуі мүмкін.

Рахман Алшанов, Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы:

Бір міндет - қазір алғашқы медициналық көмек көрсету жөнінде. Қарасаңыз, көбі білмейді. Денисті құтқаруға болатын еді ғой деп. Сонда милицияны, халықты оқыту керек, үйрету керек деген үлкен әңгіме шығып жатыр.

Ал желіде Денис Тенге арналған естелік фильм жарияланды. Оны ресейлік телеарналардың бірі «Тает лед» атты арнайы шығарылыммен көрсеткен. Жарты сағаттық фильмде белгілі ресейлік жаттықтырушылар, спортшылар мен Денистің достарының естеліктері топтастырылыпты.

Еске салайық, шілденің 19-ы күні мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тен қаза болған еді. Оған көлігінің айнасын ұрламақ болған қарақшылар санынан пышақ салған болатын. Қазір осы іске қатысы бар деген күдікпен үш адам қамауға алынған.