Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді полицияның арнайы бөлімшелеріне қызметке тұру ұзақ сынақты талап етпек - Президент Әкімшілігі

  • AstanaTV
  • 10 тамыз 2018
  • 3244

Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлерінің жұмыс көрсеткішін қайта қарайды. Президенттің тапсырмасымен жүйені модернизациялау жүргізілмек. Бұл туралы Алматыда өткен Қоғамдық кеңес жиынында Президент әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің басшысы Алексей Калайчиди айтты. Полицияға өз ісінің нағыз мамандарын іріктеу қолға алынбақ. Сондай-ақ, білім беру орталықтарының жұмысын тоқтатып, тергеушілер мен криминалистер тек ведомстволық оқу орындарында дайындалуы мүмкін.

Алексей Калайчиди, ҚР Президент Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің жетекшісі:

Біз алдымен ведомстволық білім беру мекемелерінің мәртебесін көтеруді қолға алуды көздеп отырмыз. Яғни ол жерде білім алған мамандарды біліктілігіне сай бөлімдерге бөлеміз. Және сол жұмысында міндетті түрде 6 ай тәжірибелік сынақта шыңдалады. Содан кейін қайта кешенді емтихан тапсырып қана қызметке тағайындалады. Осы арқылы полиция қызметкерлерінің деңгейін көтеру жоспарда бар.

Айта кетейік, әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін Алматыдағы Қоғамдық кеңес өкілдері Президенттің атына құқықорғау жүйесін жаңғырту бойынша бірқатар ұсыныс жолдаған еді. Ақорда өкілі олардың көбі қаралғанын айтып, ұсыныстар ескерілетінін жеткізді.