Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында жол апатынан өзбекстандық көз жұмды

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2018
  • 4643

Түркістан облысында ірі жол апаты болды. Шағын автобус жүк көлігіне соқтығысып, бір азамат көз жұмды. Он адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Оқиға кеше кешқұрым «Алматы -Ташкент-Термез» тас жолының бойында болған. Полицейлердің айтуынша, Шымкенттен Сарыағаш қаласына бет алған шағын автобус жүк көлігіне барып соқтығысқан. «ГАЗ-53» автокөлігі сол жерде аударылып қалады. Қазір жол апатына кінәлілер анықталып жатыр. Ішкі істер қызметкерлерінің мәліметінше, қаза тапқан - Өзбекстан азаматы, ал ауруханаға жеткізілген он адамның бірі - автобус жүргізушісі.

Бақыт Мырзалиев, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:

Бес әйел кісі, екі бала, үш ер кісі осылар әртүрлі жарақатпен жеткізілді. Барлығына шұғыл көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жағдайлары тұрақты ауыр. Екеуі жансақтау бөлімінде.  

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық ІІД ресми өкілі:

Он адамның ішінен үшеуі жарақат алған Қазақстан Республикасының азаматтары, қалғандары жеті адам - ол Өзбекстан Республикасының азаматтары. Бұл жәйтқа байланысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталып кетті.