Русский Сайттың толық нұсқасы

"7-20-25" бағдарламасымен ипотека алғандардың орташа отбасылық кірісі 200 мың теңгені құраған

  • AstanaTV
  • 14 тамыз 2018
  • 2535

«7-20-25» бағдарламасымен ипотека алғандардың отбасылық кірісі 200 мың теңгені құрайды. Бұл туралы "Баспана" ипотекалық ұйымының баспасөз қызметі хабарлады. Жеңілдетілген несие алғандардың жасы 24 - 40 жас аралығында. Көбі 62 шаршы метрді құрайтын 2 бөлмелі пәтер алған. Ал пәтердің орташа бағасы 14 миллион теңгені құрайды. Бүгінде баспаналы болғысы келген 1 323 қазақтандық банкке 15,4 млрд теңгеге пәтер алуға өтініш берген. Банктер 843 адамның несиесін мақұлдап, 9,7 млрд теңге бөлген.