Русский Сайттың толық нұсқасы

Балаларды балағаттап, жайнамазды тепкен жаттықтырушы жұрттан кешірім сұрады

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2018
  • 2773

Балаларды балағаттап, жайнамазды тепкен жаттықтырушы жұрттан кешірім сұрады. Көпшіліктің наразылығын туғызған дөрекі әрекеті үшін өкінетінін айтты.

Алмат Баетов, жаттықтырушы:

Бейнероликтегі теріс қылығымнан діни сауаттылығымның аздығын көрсетіп қойдым. Ашу-ызаға беріліп, теріс әрекетіме бой алдырып қойдым. Сол себепті мұсылман қауымнан кешірім сұраймын. Ата-аналардан, жамағаттан шын жүрегімнен кешірім сұраймын, кешіріңіздер мені.

Оқиға «Атлетик» спорт кешенінде болған. Аяқдоп шеберлерін даярлайтын Алмат Баетов шәкірттерінің намаз оқығанына наразы болып, құлшылық жасап жатқан жерінен қуып шығады. Бұл әрекетін жасырын түсіріп алған балалар видеоны әлеуметтік желіге салып жіберген. Жаттықтырушының оспадар әрекетін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сынға алып, шара қолдануын сұраған. Жаттықтырушы сол күні-ақ жұмысынан қуылды.