Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда 62 үй газдан ажыратылды

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2018
  • 2491

Атырау облысында он күннен бері 60-тан астам шаңырақ газсыз отыр. Махамбет ауданына қарасты Береке ауылының тұрғындары не әкімдік, не газ тасымалдаушы мекеме мұның себебін ашып түсіндірмеді деп отыр. Ауыл азаматтары үй ауласына қазан ошақ орнатуға көшкен. Өйткені электр қуатын жаппай қолдана бастаған соң, жарық жиі сөніп қалатын көрінеді.

Данагүл Боранбаева, Береке ауылының тұрғыны:

Тамақты плиткаға пісіріп отырмыз. Мына жерде көршім бар, қазандыққа пісіреді. Мен өзім плитка сатып алдым. 375 мыңнан ақша жинады. Облгаздан тарттық. Онымен ол «дұрыс емес, қате жалғанған» деп, «Газаймақтан» «Қазтрансойлға»жалғап кетті» деп, түгелдей қиып тастап отыр. Енді ол дұрыс емес қой . Күз келе жатыр, қыста қайтіп өмір сүреміз.

Ал  «ҚазТрансГазАймақ» мекемесі Атырау филиалының басшылығы бұл бізге дейін жұмыс істеген мекеменің қателігінен болды отыр. Өйткені құбыр расында да «ҚазТрансойл» мекемесіне тиесілі. Бірақ олар өз құбыры арқылы халыққа газ жөнтелтіп отырғанын білмеген болып шықты.

Серік Қыдыров, «Қазтрансгазаймақ»АҚ Атырау филиалы директорының орынбасары:

Біз 2012  жылдан бері қарай правоприемник болып есептелеміз. Ол оған дейін салынған. Берген газопроводтарымен жұмыс жасап жатырмыз.Сол кезде техусловия берілген. Ол кезде де келісімдер болған шығар. 

Марлен Төлегенов, «Қазтрансойл» АҚ Атырау мұнай құбырлары басқармасының бас инженері:

Біз бүгін «Қазтрансгазаймақпен» бірлескен шешім қабылдадық. Олар болашақта халық үшін жаңа газ құбырын салуға кепіл болып отыр. Сондықтан бүгіннен бастап халық үшін газды аштық.