Русский Сайттың толық нұсқасы

Жоғарғы сотқа шағымданған 100 іске қатысты ақтау үкімі шыққан

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2018
  • 4541

Жоғарғы сотқа шағымданған 100 іске қатысты ақтау үкімі шыққан. Құзырлы орган өкілдері осылай деді. Мамандар оған жұмыс сапасы ғана емес, судьялар жүктемесінің көптігі де себеп болып отыр. Алматы мен Астананың әрбір соты ай сайын 300 дауға нүкте қоюы тиіс. Оның ішінде азаматтық істер көп. Бірақ бұл судьяларды ақтамайды. Жоғарғы сот оларға талап күшейе түспек.

Түркістан облысының тұрғыны Амангелді Батырбеков кәсіп үшін алған жерін 15 жыл даулағанын айтады. Жергілікті билікпен соттасқан ол  судья әрекетіне наразы. "Апелляциялық шағым бойынша 2 рет шешім шығарып, қателік салдарынан табанымнан тоздым", - дейді.

Амангелді Батырбеков, Түркістан облысының тұрғыны: 

Ол кісі бір іс бойынша, заң талабы бойынша бір-ақ шешім шығару керек қой. Ол кісі бір іс бойынша екі шешім шығарады. Облыстық соттың төрағасына бардық. Міне, қараңыз деп, судья ма кім өзі деп. Облыстық соттың төрағасы Талғат Баратбеков судьяның қателік жібергені рас дейді. Мен сол кісінің қателігне бола, сонша бір жылдай Жоғарғы сотқа барып, ол кісінің сол шығарған шешімінің заңсыз екенін дәлелдедім. 

Әріптестеріне 5-ші үндеуін жариялау кезінде Жоғарғы сот төрағасы қазіргі таңда судьяларға жүктеменің тым көп екенін айтқан болатын. Мәселен бір ғана Қызылорда қалалық сотында жарты жылда еңбек, жер, азаматтық істер бойынша 800-ге жуық іс қаралыпты. Бұл өткен жылдармен салыстарғанда әлдеқайда көп. Бірақ күніне 10-нан аса істі қарауға мәжбүр болғанымен, бұл шешімдерге немқұрайлы қарау деген сөз емес дейді, судья Меруерт Тоғызбаева. 

Меруерт Тоғызбаева, Қызылорда қалалық сотының судьясы:

Сот процесін жүргізу барысын өзіңнің бейтараптығынды әрқашан білдіріп отыруың керек. Сен тек қана заңға бағынатынынды көрсете білуің керек. Сол кезде саған ешкімде ондай  артық ұсыныспен келіп жатпайды.

Жоғарғы сот төрағасы бұған дейін соттарды іріктеуде қатаң талап болмады дейді. Салдарынан кездейсоқ мамандар қатарға қосылып кеткен. Бірақ енді заң талаптарын өзгерту арқылы олқылықтар түзелмек. Жақып Асанов әріптестеріне 5-ші үндеуін жариялау кезінде қаралатын істер күннен күнге көбейгенімен, мамандар жұмысқа қабылданып жатқан жоқ деді. Ендігі талап өзгеше болмақ.

Айдос СәдуақасовҚР Жоғарғы соты баспасөз қызметі басшысының орынбасары:

Бұл жаңадан келетін кандидаттардың жоқтығынан емес. Біз осы іріктеу, судьяларды таңдау жүйесін қайта қарап жатырмыз. Өйткені бір адам, кездейсоқ адам сот жүйесіне келсе, оның жіберіп отырған қателігі, бір адамға емес, жалпы қоғамға сын туғызады. Сондықтан біз қазір судьяларға талапты күшейтіп отырмыз.

Қазіргі таңда сот жүйесінің жұмысын жетілдіру бойынша заң жобасы әзірленуде. Қыркүйек айында ұсыныстар Президент әкімшілігі жанындағы арнайы комиссияда қаралады. Оған дейін «қолдан басқару» талабы жүзеге асырылады. Атына кір келген судьялардың мәселесі онлайн режимінде ашық талқыланатын болады.

Ғалия МҰХАМБЕТҚЫЗЫ, Астана телеарнасы