Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы үздік жобаларды анықтады

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2018
  • 4573

Шымкентте үздік әлеуметтік жоба жетекшілері марапатталды. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған байқауға 19 жоба ұсынылған. Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынды Айдана Жораеваның "Әлемді сезіну" жобасы иеленді. Оған 1 млн теңгенің сертификаты тапсырылды. Оның ұсынған жобасы зағип жандарды дыбысты ақпарат-құралдарымен қамтамасыз етіп, шығармашылығын насихаттау және мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған. Ал екінші орын және 700 мың теңге "Арманға ұмтыл" жобасының авторы түркістандық Еркінбай  Шалтанға бұйырды. «Шапағат» мүгедектердің қайырымдылық қоры 2014 жылдан бері мүгедектер арбасына таңылған жандарға үміт сыйлап келеді.

Еркінбай Шалтан, «Шапағат» мүгедектер қайырымдылық қорының құрылтайшысы:

Бұл жобаны ұсынып отырғанымыз «Арманға ұмтылу» әркімнің өзінің арманы бар. Сол арманды жүзеге асыру - мақсатымыз. Бізге жан-жақтан, Қазақстанның түкпір-түкпірінен балалар келіп, 40-50  баланың результаты бар. Ходунокпен жатқан балалар тұрып, отырып, өзі тамақ жеп солай жүретін болды. Шынын айтқанда, коляскадағы адамдардың пайызы көбейіп бара жатыр. Соны біздің мақсатымыз азайту.

Ал үшінші орынды «АИТВ-позитивті жасөспірімдердің статусын ашып, жасөспірімдерді әлеуметтік психологиялық бейімдеуге психологиялық дайындау» атты жобамен Жанетта Жазықбаева иеленді. Бұл жобаға 500 мың теңгеге сертификат тапсырылды. Айта кетейік, үздік деп танылған әлеуметтік жобалар республикалық байқауға қатыстырылады.

Қалыйма Жантөреева, «Нұр Отан» партиясы ТОФ төрағасының орынбасары:

Бұл ынталандыру, біріншіден, болашаққа деген сенім, сене білу. Сенімді сезіне білу деп айтқым келеді. Бұл Елбасының бірден бір тапсырмасы қоғамның  барлық топтарының теңдігін қамтамасыз ететін іс-шара. Әрі қарай жалғаса түседі деп ойлаймын. Азаматтар өзінің теңдігін сезінді бүгін. Бүгін керектігін сезінді, қажеттігін түсінді. Қоғамның тең мүшелігін, конституциялық құқығын пайдалана білді.