Русский Сайттың толық нұсқасы

Латынша «Әліппе» және кириллицада «Букварь» базалық оқулықтарын дайындау жұмысы жүріп жатыр - Ерлан Сағадиев

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2018
  • 3041

Дипломмен жұмысқа тұра алмаған студенттері көп жоғары оқу орындарының лицензиясы алынады. Осы уақытқа дейін түлектері жұмыс таппаған 17 оқу орнының лицензиясы кері қайтарылған. Бұл жайында жылдағы дәстүр бойынша өтетін ұстаздардың тамыз кеңесінде Білім министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Ол жаңа оқу жылындағы жаңалықтарға да тоқталды. Биылдан бастап балабақшаға кезекке тұру толығымен электронды форматқа ауыстырылады. Осылайша, кезек ашық және жария түрде болады. Ең бастысы, кезек тез жылжитын болады деп сендірді Білім министрі. Жаңа оқу жылынан бастап 3,6,8-ші класстар мазмұны жаңартылған бағдарламамен оқи бастайды. Бұнымен қоса, биыл алғаш рет 5 пен 7 сынып оқушыларына жаңадан «Өлкетану» пәні енгізілді.  Ал 3 сынып оқушылары болса, қыркүйектен бастап «Информатика» пәнін оқиды. Келесі жылдан бастап бұл пән 1 мен 2 сыныптарға да оқытылады. Сондай-ақ бұдан былай елдегі колледждер студент үшін таласатын болады. Себебі министрлік білім ордаларын адам санына қарай қаржыландыруға көшеді.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

Келесі жылдан бастап 0-ші сынып тәрбиешілері мен мұғалімдерді дайындауға кірісеміз. Латынша «Әліппе» және кириллицада «Букварь» базалық оқулықтарын дайындау жұмысы жүріп жатыр. Оқулықтар 2020-2021 оқу жылына дайын болады.