Құрбан айт мерекесі қарсаңында Қызылордадағы "Ұшқын" мүгедектер қоғамы 50 отбасына қол ұшын созды. Аз қамтылған жанұяларға азық-түлік себетінен өзге, мектепке қажетті оқу құралдарын таратты. Ата-аналар жаңа оқу жылы қарсаңындағы 20 мың теңгелік жинаққа дән риза. Мүгедектер қоғамы дәрігерлік қабылдау да ұйымдастырды. "Ұшқын" бірлестігіндегі мүгедек жандар жиһаз жасайды, полиграфиялық қызмет те атқарады. Олар жағдайы жоқ азаматтарды оқытып, мамандық алуына да көмектеседі.
Күлпанай Қуанышева Қызылорда қаласының тұрғыны:
Балаларға оқу құралдарын, сөмкелерін беріп жатыр, іште медосмотр болып жатыр. Өзіміз ала бастасақ, мұның бәрі қаражат тіреледі. Емханаға барып, кезекте тұрып жүретін едік. Бұл да үлкен көмек, көп рахмет айтамыз.
Жұматай Байымбетов, «Ұшқын» ҚБ өкілі:
Тапқан табысымыздың отыз пайызын осындай жаңдарға жұмсаймыз. Жылына әр-түрлі іс-шаралар болады. Жылына елу отбасына табыстайтынбыз. Тұрмыстары төмен, мүгедек жандар, табысы төмен жандарға. Жылына бір рет демалысқа апарамыз.