Русский Сайттың толық нұсқасы

Венесуэладағы жаңа валютаның шығуы шағын және орта бизнесті тоқтатты

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2018
  • 2669

Венесуэлада жаңа ұлттық валютаның шығуы елдегі шағын және орта бизнесті тоқтатты. Жаңа экономикалық жағдайда қалай өмір сүру керек екенін түсіну үшін мыңдаған кәсіпорын жабылып қалды. Рейтерстің хабарлауынша, ескі ұлттық валютадан 5 нөл алынған. Ел президенті Николас Мадуро жұрт жаңа ақшаға үйренуі үшін демалыс күнін жариялаған. Енді елде екі валюта қолданылмақ. Ол - мұнаймен қамтылған петро криптовалютасы және оған байланған боливар валютасы. Мұнай бағасының арзандауынан дағдарысқа ұшыраған ел осылайша экономикасын сақтап қалмақ. Орталық банк ақша ірілендірілген соң, доллар бағамын 24 есе өсірген. Енді америкалық 1 көкқағаз 60 боливар тұрады.  

Дорис Кастильо, сатушы:

Жарты күн өтті, сауда жүріп жатқан жоқ. Жұрт естерінен танып, бағаны көргенде жаңа ақшамен қалай төлейтіндерін білмей дал. Біз де есімізден жаңылдық, өйткені бағаны төмендете алмаймыз. Шығынға бата алмаймыз.