Еуроодақ
АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларынан өз компанияларын қорғау үшін, SWIFT төлем
жүйесінің өзіндік баламасын жасауы қажет. Бұл туралы Германияның Сыртқы істер
министрі Хейко Маас мәлімдеді. Оның пікірінше,
бұл заңды тұрғыдан дұрыс шешім болып табылады, деп жариялады Financial Time.
Еуропалықтар бұған дейін Құрама Штаттар біржақты тәртіппен Иранмен ядролық
келіссөзден бас тартпауы керек екендігін айқын білдірген еді. Дегенмен,
Вашингтон өз дегенін жасап, Тегеранға қарсы санкцияларды қайтарып алды. Сондықтан Еуропаның Иран нарығындағы бизнестерін қорғаудан
басқа амалы жоқ, - деді Маас. Ол үшін Құрама Штаттарға тәуелсіз
төлемдер жүйесін жасау қажет. Бұл Еуропалық валюта қоры мен тәуелсіз SWIFT
жүйесі, - деді Сыртқы істер министрі.
Еске салайық, 2015 жылы Иранмен ядролық
келісімді АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай және Германия қолдаған еді.
Ағымдағы жылдың 8 мамырында АҚШ Тегеран мәміленің талаптарын орындамады деп
келісімнен біржақты бас тартты.