Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда «Сайран» автобекеті маңындағы 9 гектарлық жер мемлекет меншігіне қайтарылады

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2018
  • 2626

Алматыда «Сайран» автобекеті аумағын кеңейтуге қажетті жерді сатып алу үшін 23,5 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы қалалық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Самамбетов мәлімдеді. Автобекет маңындағы жол жиегін көріктендіру үшін 9 гектар жер мемлекетке қайтарылмақ. Ал сол жердегі 250 шаршы метрлік ғимарат сүріледі. Осыған орай 21 тамыз күні «Алматы Трейд» ЖШС-не жердің мемлекетке қажеттігі ескертілген.

Ардақ Самамбетов, Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшының орынбасары:

Көріктендіру жұмысын Әуезов ауданы жүзеге асыратындықтан, олардан бізге сол жердің керектігі жайлы өтініш түсті. 9 гектарлық жер мен оның аумағында 250 шаршы метрлік ғимарат біздің бағалаушыларымыз тарапынан есептелді. Яғни құнын 23 жарым миллион теңгеге бағалап отырмыз. Меншік иесі бұл соммамен келісе ме, жоқ па, үш ай уақыты бар. Осы аралықта бір шешімге келмесе, істі сотта қарайтын боламыз.

Айта кетейік, «Алматы Трейд» ЖШС тиесілі жер телімінде тұрған ғимаратта бұған дейін әр түрлі шағын кәсіп дөңгелеген. Бірақ  ғимарат сүріледі деген хабар шыққаннан кейін бе, нысан есігі тарс жабылған. Қара құлып салынған ғимаратта тірі жан жоқ. Ал автобекетте қазір қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жандануда.