Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей "Байқоңыр" ғарыш айлағын жалға алуды 2050 жылға дейін созуы мүмкін - "Роскосмос"

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2018
  • 4252

Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға алуды 2050 жылға дейін созуы мүмкін. «Армия-2018» халықаралық форумында «Роскосмостың» бас директоры Дмитрий Рогозин осылай деді. Сондай-ақ форум кезінде қазақ-ресей тарапы "Бәйтерек" жобасы бойынша келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Ол "Байқоңырда" жаңа зымыран кешенін құруды көздейді. Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі келісімді қаржыландыру мәселесін шешеді деп отыр. Ведомство өкілдерінің айтуынша, Қазақстан тарапы "Зенит-М" ғарыш инфрақұрылымын жаңартуға жауапты болса, Ресей тарапы орта классты "Союз-5" жаңа зымыранын шығаруға міндеттелмек. "Бәйтеректен" бірінші ұшырылу 2025 жылға жоспарланған еді. Бірақ Ресей жұмысты тездетіп, 2022 жылы іске асыруды қолға алмақ. Ал "Протон" зымыранын өндіру осы жылы тоқтатылатын көрінеді. Бірақ ол 2025 жылға дейін пайдаланылмақ.