Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық зейнеткерлер жинағы 8,57 трлн теңгеге жетті

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2018
  • 1764

Қазақстандық зейнеткерлер жинағы 8,57 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабар таратты. Шілдеде 8,44 трлн теңге болса, тамызда 1,5 пайызға артқан. 7 айдағы кіріс 478 млрд теңгеден асқан. Инвестициялық портфель жиынтығының негізгі бөлігін мемлекеттік құнды қағаздар құрайды. Ол 47 пайыздан жоғары. Екінші деңгейлі банктердің қаржы инструменттеріне зейнетақы ативтерінің 18,49 пайызы инвестицияланған. Ал шетелдік мемлекеттік құнды қағаздарына 11,25 пайызы, квазимемлекеттік секторға 8,15 пайызы салынған.