Алдағы 5 жылда Астана мектептеріндегі оқушылардың саны 120 мыңға жетпек. Елордаға қоныстанушылар санының жылдан жылға артуына байланысты 2022 жылға дейін қалада тағы 24 мектеп пен 10 қосымша жанама құрылыс салынады. Бұл туралы бүгін педагогикалық қызметкерлердің тамыз кеңесінде қала әкімі Әсет Исекешев айтты. Шаһар мектептеріндегі бір білім беру мекемесінде 1500 балаға дейін оқиды. 2011 жылы Астанадағы оқушылардың саны 75 мың болса, өткен жылы 140 мыңға жеткен. Ал биыл 155 мыңнан асып отыр.
Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:
Елдің ірі қалаларында бір мектепте 800-ден 1200 балаға дейін оқиды. Ал бізде 1500-ге дейін жетіп отыр. Алдағы 5 жылда қала бойынша оқушылар саны 120 мыңға жетеді деп болжап отырмыз. Биыл 5 жаңа мектеп оқушыларды қабылдауға дайын. Ал келер жылы 11-інде құрылыс аяқталады. Бұл мектептердегі үш аусымдықт оқуды азайтады деп үміттенеміз.
Жаңа оқу жылында 80 қалалық мектеп жан басына қаржыландыру әдісіне көшеді. Бұл арқылы әрбір білім беру мекемесі өзінің үстемелік қорын ұлғайтып, 20 пайызға дейінгі қаражатты мұғалімдердің сыйақыларына жұмсай алады. Биыл мектептерде мұғалімдердің орташа жалақысы 110 мыңнан 150 мыңға дейін көтерілді.