Русский Сайттың толық нұсқасы

1 қыркүйектен бастап Астана мектептері қоқысты сорттауға көшеді

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2018
  • 2799

1 қыркүйектен бастап Астана мектептері қоқысты сорттауға көшеді. Қалалық білім басқармасы қайта өңдейтін компаниямен тиісті келісімге келді. Осылайша экологиялық мәдениетті қалыптасырмақ. Бастама бірінші болып қаладағы №37 мектепте іске асқан. Жобаның экологиялық һәм тәрбилік маңызын ескеріп, басқа да мекемелерді қосу қаралды. Қағаз пен пластикке арналған жеке контейнерлер Астанадағы 86 мектеп пен балабақшаға қойылады. Бұл бастама Қостанай, Қарағанды, Петропавлда да қолға алынбақ. Қоқыс қалдықтары қайта өңдеуге жіберіледі. Ал орнына оқушыларға кеңсе тауарлары берілмек. 

Татьяна Немцан, Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры төрағасының орынбасары:

Осы арқылы біз ата-аналар мен балаларды өз қалаларында экологиялық тазалыққа ынталандыруды ойладық. Қазір, аз сөйлеп, нақты іс істейтін кез.  Тәжірибе сабақтары, тапсырмалар, зертханалық материалдар арқылы біз осыны оңай түсіндіре аламыз.

"Сlean City Nc" серіктестігінің мәліметінше, 6 мың контейнер мен 25 техника сатып алуға 1,5 млрд теңге жұмсалған. Ол бюджеттен тыс, демеушілер ақшасы дейді.