Русский Сайттың толық нұсқасы

Орта Азияның 5 ел басшысы Аралды құтқару халықаралық қорының жұмысын жетілдіруге келісті

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2018
  • 2615

Орта Азияның 5 ел басшысы Аралды құтқару халықаралық қорының жұмысын жетілдіруге келісті. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев та қатысқан саммит Түркменстанда өтті. Сөз сөйлеген мемлекет басшысы жарты ғасырда теңіздегі су көлемі 30 есе кемігенін айтты. Одан желмен 80 миллион тоннаға дейін улы тұз көтеріліп, Батыс Еуропадан Гималайға дейін жететін көрінеді. Сондықтан президент өткір мәселені бірлесіп шешудің маңызды екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

От разумного справедливого использования воды  в интересах каждого из наших государств зависят судьбы десятков миллионов людей, стабильность, наше общее благополучие и хорошие отношения между государствами. МФСА активно взаимодействует сейчас уже на международном уровне. Благодаря этому Аральскому региону оказывается существенная помощь со стороны мирового сообщества, международных финансовых институтов, что, кстати, уменьшилось, чем это было в первые годы.

Қатысушы елдер Аралды құтқаруға қатысты бұрынғы шешімдерді қайта қарамақ. Дүниежүзілік қауымдастықтар мен БҰҰ және экологиялық проблемалармен айналысатын банктерге хабарлап, атқарушы комитет ендігі қадамдар жоспарын түзбек.