Русский Сайттың толық нұсқасы

2019 жылғы бюджетте доллар бағасы 350 теңгемен есептеледі

  • AstanaTV
  • 28 тамыз 2018
  • 4059

Келесі жылы бюджетте доллар бағамы 350 теңгеден қайта есептелді. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов осылай дейді. Бүгін дәстүрлі Үкімет отырысында үш жылдық  бюджет жобасын талқылау жабық жағдайда өтті. Жиыннан соң,  Тимур Сүлейменов құжат жобасында айтарлықтай өзгерістер болмайтынын жеткізді. Мұнай бағасы барреліне 60 доллардан есептелген. Бұған дейін Үкімет 2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасында АҚШ валютасы алдағы үш жылда 340 теңге мөлшерлерінде болады деп болжаған. Бүгінде бір доллар 361 теңгеге сатылып жатыр. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Өздеріңіз білетіндей, біздегі индикатор құбылмалы. Валюта бағамына келер болсақ, бізде еркін айналым. Сондықтан доллар бағамын біз болжай алмаймыз. Бюджетті жоспарлау барысында келесі жылы ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 350 теңге болады деп есептеп отырмыз.