Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұрғындар «7-20-25» бағдарламасымен қанша теңгеге пәтер алуға әзір

  • AstanaTV
  • 28 тамыз 2018
  • 3069

«7-20-25» бағдарламасы бойынша тұтынушылар 15 млн теңгеге дейін пәтер сатып алуға қауқарлы. Бұл ең жоғары баға. «Баспана» ипотекалық ұйымы қала тұрғындары қанша сомаға дейін пәтер сатып алуға құлықты екенін жариялады. Аталған бағдарлама бойынша тұтынушылардың басым бөлігі  Астанада 15 270 000 теңгеге пәтер іздеген. Атырауда 13 480 000 теңге болса, Алматы тұрғындары  шамамен 12 900 000 теңге тұратын үйді қарастырады.  Бағдарламаға Алматыда сұраныс жоғары. Ең төмен бағамен пәтер іздегендер Қостанайда. Онда үйдің орташа бағасы 7 400 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ,  Ақтау  мен Көкшетауда арзан үй іздейтіндер көп. Соңғы екі айда 1803 азамат "7-20-25"-ке қатысуға ниет білдірген. Барлығы 14 млрд теңгеге  1190 азаматтың өтініші мақұлданған.