Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысында оққа ұшқан батальон командирінің өлімін арнайы комиссия тексереді

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2018
  • 3160

Батыс Қазақстанда полиция қызметкері өз командирін жеті рет атып өлтірді.  Қылмыстық оқиға Ақжайық ауданында болған. Күдікті аудандық ішкі істер бөлімінің ауласында бастығына табельдік тапаншадан оқ жаудырған. Кейін өзі еркімен беріліп, кінәсін мойындапты. Қаза тапқан полицей Ақжайық ауданы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының батальон командирі болған. Артында екі баласы қалды. Марқұм мен күдіктіні әріптестері жақсы қырынан сипаттайды.

Мақсұтхан Әбіләзімов, БҚО ІІД бастығы:

Жеті рет атылған. Соның желке тұсынан, арқа тұсынан, бел жағынан және басынан. Оған аудандық ішкі істер басқармасының басшысы жауапты емес. Бұлардың қаруы біздің кезекшілік бөлімде сақталады. Тергеу амалдары өткізіліп жатыр. Оның не себепті болғаны жөнінде тергеу аяқталғасын анықталады.