Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан қайтадан ядролық арсеналдан бас тартуға шақырады

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2018
  • 8937

Қазақстан әлемдік қауымдастықты тағы да  ядролық қарудан бас тартуға шақырады. Әйтпесе келер ұрпақты жарқын болашақпен қамту мүмкін емес.  Астанада  өткен халықаралық конференцияда Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов осылай деді. Министр атомды тек бейбіт мақсатта қолданатын Қазақстан тәжірбесін өзгелерге үлгі тұтты. Бүгін Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн. 27 жыл бұрын Мемлекет басшысының жарлығымен жойқын сынақ алаңы Семей полигоны жабылды.

Кәріпбек Күйіков қазақ даласына Семей полигоны "сыйлаған" қасіреттің "символы" іспетті. Бұл сынақ біздің Ник Вуйчичке өмірін қылқалам өнеріне арнауға кедергі болмады. Шығыс Қазақстан облысының тумасы 30 жыл бойы мыңдаған тағдырды талқандаған полигон туралы суреттер салып келеді. Оның туындылары бүкіл әлемге таныс. Бүгінде Күйіков антиядролық қозғалыстың белсендісі.

Кәріпбек Күйіков, «Атом» жобасының құрметті елшісі:

Үлкен аумақ зардап шекті. Ресей ол жерден барлығын алып кетті, бізге тек қоқыс қалдырды. Металл сынықтары ғана емес, әскери техниканың қалдықтары да қалды. Бұнын бәрінен тазару үшін, әлі де талай жылдар қажет. Бірақ  радиация ұрпақтан ұрпаққа генетикалық жолмен беріледі.  1949 жылы Совет үкіметінің Семейдегі  алғашқы ядролық сынағы әлі күнге дейін жергілікті тұрғындардың  есінде. Ол үшін тіпті 18 миллион гектар жер бөлінген. Қорқынышты сынақтар 1989 жылға дейін жалғасты: стратегиялық нысанда 456 ядролық жарылыс болды. Жарылыстардың күші жапондық Хиросимаға түсірген бомбаларға қарағанда 2,5 мың есе күшті. Ресми мәліметтерге сәйкес, ядролық сынақтардан 1,5 миллионнан астам адам зардап шеккен.

Қазақстан тәуелсіздік алған соң, бірден совет саясатынан бас тарту туралы шешім қабылданды. 1991 жылдың 29 тамызында Мемлекет басшысының Жарлығымен Семей полигоны ресми түрде жабылды. Осылайша, Қазақстан әлемдегі күшті ядролық қару арсеналынан бас тартты. «Ядролық клубқа» кіретін ірі мемлекеттер - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Үндістан, Пәкістан, КХДР және Израиль ядролық мүмкіндіктерді әлі де қимай отыр.  27 жыл өтсе де, біздің ел өз ұстанымын  өзгертпейатомды тек бейбіт мақсатта пайдаланадыЕліміз ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен халықаралық конференцияда Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Барлығына «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты» қолдайтынын мәлімдейміз. Қазақстан 2018 жылдың 2 наурызында МАК-қа қол қойып, қазір оны ратификациялауға дайын. Жаһандық қауіпсіздік және ұрпағымыздың қауіпсіз келешегі әлем ядролық қарудан толық азат етілгенде ғана мүмкін болады. Мен сіздерді Қазақстан тәжірибесіне еруге шақырамын.

Лассин Зербо, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының хатшысы:

Шын мәнінде, «Ядролық қаруды тыйым салу туралы шартты» ратификациялау - өте күрделі процесс. Ядролық арсеналға ие сегіз ел де осы күнге  келеді деп үміттенемін. Бүгінде Қазақстан ядролық қарусыздану қажеттілігі тұрғысынан ауқымды жұмыс атқарып келеді. Жақында Солтүстік Корея өзі қауіпті арсеналдан бас тартуға алғашқы қадамын жасады. Егер Корей түбегіндегі қарым-қатынас қалыпты болса және АҚШ дұрыс саясат ұстанса, онда бұл мәселе де шешіледі.

Алпауыт ядролық сегіздік Қазақстанның кеңесіне құлақ асады деп айту қиын. Бірақ, үміт те жоқ емес, дейді Лассин Зербо. Халықаралық конференцияның қорытындысы бойынша Қазақстан мен антиядролық ұйым бірлескен мәлімдеме жасады. Негізгі хабарлама - «ядролық сынақтан азат әлем құру». Сондай-ақ Астана ядролық сынақтарға мораторийдің сақталуын қолдады.