Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде оқулықтар тасымалдауды кешіктірген компаниялар сотқа беріледі

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2018
  • 2652

Өскемен қаласының білім бөлімі оқулықтарды уақытында жеткізбеген компаниялардың үстінен сотқа арыз түсірді. Өйткені аймаққа кітап жеткізу кестесі солардың салғырттығынан бұзылған. Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дмитрий Журавлевтың айтуынша, осымен үшінші компания ауысқан. Қала мектептеріне 3,6,8 сыныптың оқулықтары қыркүйектің алғашқы аптасында жеткізілетін болады.

Дмитрий Журавлев, Өскемен қаласы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Мемлекеттік сатып алуға қатысуға бізге екі компания шыққан. Бірақ ол компаниялар, тендердің келісімшарттарына сәйкес, кітаптарды уақытылы жеткізбеді. Қазір біз 1 компания үстінен талап арыз әзірлеп қойдық. Келесі жолы осындай конкурстарға қатыспауы үшін, оларды жосықсыз деп тануды сұрап, екіншісіне де арыз дайындап жатырмыз. 

Биыл министрлік 3,6,8 сыныптардың жұмыс дәптерлері тегін берілмейтінін хабарлаған болатын. Бір пән бойынша 4 дәптердің құны 1300 теңге. Бағасын арзандату үшін сарапшы топ оны облыс орталығында басып шығаруды ұсынып отыр.

Роман Честных, білім беру мәселелері бойынша сараптау тобының мүшесі:

Біз Білім және ғылым министрілігіне ұсыныс жасамақпыз, осы жұмыс дәптерлерінің тегін берілуін немесе кітаптардың мағынасы өзгертілсін деп. Бұл екеуі расында бір-бірімен өте тығыз байланысты. Сондықтан авторлардан мұндай дәптерлерді өзімізде басып шығаруға рұқсат беруін сұраймыз. Сол кезде ата-аналарға да жеңіл болады.