Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 47 электр қуаттау стансасы орнатылды

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2018
  • 1907

Экологиялық қауіпсіздікке Астана да мән береді. Бас қалада көліктерді электрмен қуаттайтын 47 бекет орнатылды. Бұл туралы "АстанаЭнергоСбыт" компаниясының өкілдері хабарлайды. Олардың сөзінше, бұл бекеттер  электромобильдерді 1-ден 4 сағатқа дейін  қуаттап беру мүмкіндігіне ие. Құрылғы мезетте  4 бірдей  көлікті  қуаттап беруге қауһарлы. Биылға  пилоттық жоба аясында Астана мен Алматыда 100, Астана-Щучинск жолына 9 бекет орнату жоспарланып отыр. Айта кететіні, бұл бекеттерде көлікті  қуаттау әзірге тегін. Мамандар пилоттық жоба аяқтаған соң, тариф белгілі болатынын айтты. Елде қазір 200-ден астам электромобиль тіркелген. Тұтынушылардың көбі, «Тесла» және «Жак» маркалы электр көлігін тұтынады.

Дәурен Құрманғалиев, «АстанаЭнергоСбыт»  ЖШС директорының міндетін атқарушы:

Келешектегі жоспарымызға сәйкес,  көлікті қуаттау үшін жүргізуше арнайы карта берілетін болады. Сол карточкамен бекеттерде төлем жасайды. Әрбір тұтынушыға интернет желісінде жеке кабинет ашылады. Ол жерден қуаттау нысандары мен қуаттың уақытын көре алады. Сондай-ақ, өзінің шығындарын бақылайды.