Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде өртенген автобусқа қатысты сот ісі басталды

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2018
  • 3342

Ақтөбеде автобуста тірідей жанып кеткен елу екі өзбек азаматына қатысты сот басталды. Сотқа айыпталушы тарап пен марқұм болған жандардың жақын-жуықтары түгел жиналды. Ферхана облысынан жеткен жәбірленушілер соттың соңына дейін Ақтөбеде пәтер жалдап тұрады. Ата-аналардың бірі баласы әлі күнге дейін тірі деп санайды. Күдіктенуге себебі бар. Сот залынан тіліш толықтырады.

Бақыт Рахметова, тілші:

Атышулы сот ісі негізі қайғылы оқиға болған аудан Ырғызда қарауы тиіс-тін, бірақ айыпталушылардың тілегі ескеріліп сот Ақтөбе қаласына ауыстырылды. Сот залы қос тараптан келген қатысушыларға лық толды.

Өртеніп кеткен автобус жүргізушілеріне және қоғамдық көлік тиесілі «Азия транзит сервис» серіктестігінің  басшысы мен механигіне қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды.

Прокурор:

Марқұм болған Өзбекстан азаматтарының  жақын-жуықтарынан сот отырысына он бір адам қатысты. Келесі процеске тағы жиырма алты адам келе жатқан көрінеді. Жүректері қан жылаған жәбірленушілердің бірі күйеуі мен бауыр еті баласынан қоса айырылса, енді бірі ұлы мен немересін жоқтап отыр. Кейбірі қайғылы жәйтқа әлі күнге дейін сене алар емес. Тіпті, ұлдары тірі деген үміттері бар.

Юлдузхон Ғаниева, марқұм  болған Авазбек және Атхам Мачруфиновтердің  анасы:

Біз он бір адам келдік. Барлығымыздың балаларымыз. Мына әйелдің екі ұлы. Менің ұлым және немерем. Менің өтінішім бар. Немеремнің телефоны әлі істеп тұр. Соны тексерсінші. Балдарымыз тірі шығар. Олар өтреніп кетсе, телефонда кетпей ме?!

Қаралы хабар жеткен бойда ұлдарынан айырылған екі ана көз жұмыпты. Өзбек ағайындар қайғылы оқиғаның шикі тұстары көп дегенге келтірді. Марқұмдардың денесін көрмедік, табыттары жабық келді. Днк сараптаманың да қорытыңдысы жоқ дейді.

Бахтияр Арипов,  марқұмның әкесі:

Біз ДНК сараптамасын қорген жоқпыз. Табыттар болса жабық келді. Соны жерледік. Басында сот отырысы қазақша өтті. Жәбірленушілер аудармашы көмегіне жүгінді. Өртенген автобуста тірі қалған екі өзбек азаматы бар. Бірақ сот отырысында олар төбе көрсетпеді.

Екі куәгер бар, дұрыс па? Сол адамдарды әкелу керек еді.

Айыпталушы тарап жүргізушілердің жазағы жоқ деп шыр-пыр.

Қатира Жолболдиева, айыпталушы Пернебековтың анасы:

Талабым әділетті шешілсін сот. Бұл жерде үш баланың кінәсі жоқ. Автобус келіп шетке тоқтаған. Бір аударылған жоқ. Соғылған жоқ. Автобус на ходу шыққан ол жерден. Баламның үш баласы бар. Пенсионер шешесі бар. Сол баланың бетіне қарап отырмыз.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға осы жылдың басында Ырғыз ауданы Қалыбай ауылы тұсында «Самара -Шымкент» тас жолында болды. Автобус өртеніп, елу екі өзбек азаматы тіл тартпай кетті. Оқиға кезінде бес адам тірі қалды. Оның екеуі өзбек азаматы ал үшеуі қазақстандық көлік жүргізушісі. Сол кезде мамандар автобус салонында ашық отты пайдалану өрттің шығуына  себеп болған деген қорытыңды шығарған болатын. 

Жәбірленушілер жеке-жеке сұралады. Жалпы қылмыстық іс 51 томнан түрады. Соған қарағанда, сот ұзаққа созылатын секілді. Ал кінәләрі дәлелденсе, автобус жүргізушілері 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.