Маңғыстау облысында үш адам оққа ұшты. Оқыс оқиға Құрық ауылында тіркелді. Зардап шеккендердің бірі 24 жастағы азамат ауыр хәлде бірден жансақтау бөліміне түскен. Оның іші мен кеуде қуысына және асқазанына бірнеше бытыра атылған. Дәрігерлер шұғыл ота жасап, көкбауырын алып тастады. Ал қалған екеуінің жарақаты орташа деп бағаланды. Олар нейрохирургия мен травматология бөлімдеріне түскен. Оқыс оқиғаның жай-жапсарын жергілікті полиция қызметі тексеріп жатыр. Айта кетсек, мұндай атыс Құрықта былтыр да болған.
Мұхамеджан
Нұрғазиев,
Маңғыстау облысының ауруханасы
директорының орынбасары:
Жіңішке ішек және тоқ ішектің
жарақаттануы, сонымен қатар асқазанның зақымдануы анықталды. Науқас қазір
жансақтау бөлімінен жалпы хирургия бөліміне ауыстырылды. Қазіргі таңда үшеуінің
де жағдайы бірқалыпты.