Русский Сайттың толық нұсқасы

Белгілі блогерлер мен кітап авторлары «НұрОтанTalks» алаңында бас қосты

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2018
  • 3306

Кітапқұмарлар "Нұр Отанда"! Бүгін белгілі блогерлер, кітап авторлары «НұрОтанTalks» алаңында бас қосты. «Менің өмірімді өзгерткен кітап» атты тақырыпта өткен іс-шарада өз саласында жетістікке жеткен спикерлер жастайынан өмірлік ұстанымы мен тұлғалық қасиетінің қалыптасуына әсер еткен ерекше кітаптар туралы әңгімеледі. Айта кетсек, президенттің тапсырмасына сәйкес, партия жұмысын жаңғырту аясында қолға алынған 22 жаңа жоба аясында - жастарды кітап оқуға баулуға арналған жобасы да жүзеге асырылуда. Фейсбук әлеуметтік желісінде онлайн режимде өткен жаңа форматтағы іс-шара алдағы айларда да өз жалғасын табады.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Біздің қоғамымызды жаңғыртудың бірден-бір факторы, бірден-бір негізгі шарты қоғамымызды білімді жастарды білімді азаматтарды тәрбиелеу екені түсінікті. Өз кезегінде білімділік кітап оқудан басталатынын бәріміз білеміз. Жалпы  осы бағдарлама  бұл партияның "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясындағы атқарылып жатқан жұмыстарының аясындағы бір шара деп қарастыру керек.

«НұрОтанTalks» еркін пікірталас алаңына әдетте жастардың кумиріне айналып үлгерген азаматтар жиналады. Спикерлер жетістікке жету жолында оқыған  кітаптары жайында әңгімеледі. Сондай-ақ келешекте  шығармалар  жастарға жақын тақырыптарда жазылу керектігін тілге тиек етті.

Бақытжан Бұқарбай, «Күміс кітап» авторы:

Замандастар жайында көбірек жазылса деген ниеттемін. Оның себебін түсіндіріп отырмын. Біріншіден, біз замандасымызға қарап бой түзесек, біздің әлеуетімізді ашу мүмкіндігі жоғарылайды. Екіншіден, сол арқылы қоғамға қызмет ету де сол ықтималдылықта артады.