Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында мектепке кіргізілмеген оқушылар орамалын шеше бастады

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2018
  • 3077

Түркістан облысында мектепке кіргізілмей қойған оқушы қыздар біртіндеп орамалдарын шеше бастады. Әлеуметтік желілерде тараған мына әуесқой түсірілім Мақтарал ауданына қарасты Фирдоуси ауылында болған. 1 қыркүйек күні орамал тағынған оқушы қыздар қаздай тізіліп, білім ұясына келген. Мектеп формасына қатысты талаптарды елемеген оқушылар мұғалімдермен тайталасып, ішке кіруге талпынды.

Оқиғаға тіпті полицейлер де араласты. Ал аудандық білім басқармасының басшысы телефон арқылы берген сұхбатында, оқушылардың сабасына түскенінн айтты. Бүгін бірінші ауысымдағы шәкірттердің 35-і орамалын шешіп келген. Ортақ тәртіпке бағынбаған ата-аналарға әкімшілік шара қолданылады деді басшылық. Айта кетейік, аталған мектепте 700 бала оқыды. Соның 371-і қыздар. 

Исатай Сағындықов, Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы:

Орамал мәселесі бүкіл республикада қалай шешілсе, дәл солай шешіліп жатыр. Барлық мектептерде 1 қыркүйектен бастап орамалмен кіруге тиым салынған. Бұл мектепте де дәл сондай жағдай. Кеше де, бүгін де орамалмен ешкімді кіргізген жоқ. Ата-аналарына қарсы білім министрлігінің бұйрығына сәйкес шара қолданылады. Балаларын мектепке кіргізбегені үшін, өздері жәймен шешіп жатыр.