Ал Қазақстанда Sanofi компаниясына қатысты қылмыстық заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Денсаулық сақтау министрі осылай дейді. «Sanofi - әлемдік фармацевтикалық индустриядағы көшбасшылардың бірі. Әрине, олардан айтарлықтай көлемде препараттар, оның ішінде вакциналарды да сатып аламыз», - деді Біртанов.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Бізде осы компаниядан пара алу немесе басқа да қылмыстық құқықбұзушылықтар тіркелмеген. Бүгінгі таңда ол компаниядан және олардың дистрибьютерлерінен де лауазымды тұлғаларға пара беріп, сатып алу сияқты жағдайлар орын алған жоқ.
Ал
француз компаниясының Қазақстандағы өкілдігі біздің арнаға жолдаған мәліметте
жемқорлық фактісі бойынша бүгінгі айып 12 жыл бұрын тағылған дейді. Дегенмен
компания дауды тоқтату үшін, 25 млн доллар төлейтінін растады. Sanofi-дің бас
атқарушы директоры Оливье Брандикура
фармкомпания соңғы жылдардағы есебін түгел ашық жариялайды және жемқорлықпен күресті
күшейтеді деп мәлімдейді.