Русский Сайттың толық нұсқасы

Венесуэланың жанармай құю бекеттерінде кезек көбейді

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2018
  • 2933

Венесуэланың жанармай бекеттерінде бензин ақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізілуіне байланысты ұзақ-сонар кезек көбейді. Мұндай жағдай шекаралас аудандардың барлығында байқалады. Reuters: «Ел үкіметі субсидия берілетін жанармай заңсыз тасымалданбау үшін арнайы төлемақы жүйесін енгізген», - деп хабарлайды. Енді барлық жанармай құю бекеттерінде сымсыз терминалдар орнатылған. Алайда кейбіреулері істен шыққан. Колумбия шекарасындағы жүргізушілер дүйсенбіден бері кезекте тұр.

Уолтер Жарамильо:

Көріп тұрғанымыздай, жанармай құятын бекеттер бензин тасуға мүмкіндік беретін биометрикалық карталардың келуін күтіп отыр. Адамдар не тосып тұрғандарын білмейді. Үкімет еш кепілдік бермеген соң бір белгсіздікке тап болдық.  

Бүгінде әлемдегі ең арзан бензин Венесуэлада сатылады. 1 литрі 6 боливар. Бұл 1 теңгеден де аз. Өткен жылдың күзінен бері метрода тегін жүріп келген венесуэлалықтар 10 қыркүйектен бастап жол ақысын қайта төлейді. Тариф  12,5 мың есе қымбаттайды. Мұнайға бай мемлекет бірнеше жылдан бері экономикалық дағдарыстан шыға алмай келеді. Инфляция 24 000%-дан асып түскен. Елде жаппай жоқшылық. Халқы тұрмысы жайлы көрші елдерге көшуге тырысады.