Су жаңа облыс орталығы Түркістанда да мектептер тапшы. Онда оқушыларға 12 мың орын жетіспейді. Алайда жергілікті билік биыл бюджеттен бар-жоғы бес білім ошағын салуға қаражат сұраған. Бірақ депутаттардың мектептен ақша аяғысы жоқ. Сондықтан қалада жаңа мектеп құрылысына қосымша қаржы бөлу үшін, Үкіметті қолқаламақ.
Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі:
Бір Түркісан қаласының өзіне 12 мың орын тапшы болса, ол дегеніміз - 12 мың орынға кем дегенде 12 млрд бір Түркістаның өзіне кетеді. Ал Шымкент қаласы басқа өңірлерде орын жетсіпеушілік бар. Сондықтан, әрине, мектептерді салуға қаражат бөлу мәселесін оны көтеру де керек, қолдау да керек.