Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада Астананың мәдени күндері тойланды

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2018
  • 2473

«Астанадан ақ тілек». Мереке күндері өңірлер арасында Бас қалаға тарту жасау әдетке айналса, бұл жолы, керісінше, астаналықтар Сыр еліне ат басын бұрды. Демалыс күндері Қызылорда жұртшылығы Елордадан жеткен ән шашу мен тарту-таралғыға қарық болды.

Астаналық әншілер, жыр-термешілер, тіпті қылқалам шеберлері де осында. Өнерпаздар бас қаланың 20 жылдығын әлі тойлап жүр. 

Жақсыкелді Майасаров, дәстүрлі әнші, Астана қаласы:

Астанамыздың 20 жылдық мерейтойы деп, биыл елді мекендерді аралап жүрміз. Павлодар, Өскемен, Семей, батыс жақтарды араладық. Таяу арада Талдықорған, Алматы қалаларында боламыз. Алматы қаласымен сонымен тәмамдалады концертіміз.

Астананық меймандар Қызылордада 3 күнге аялдайды. Театр әртістері, дәстүрлі өнер майталмандары, эстрада жұлдыздары қазақтың тарихи "астаналарының" бірі Қызылордадағы гастрольге ерекше дайындықпен келген.

Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысының әкімі:

Қазақстанның алғашқы астанасы мен бүгінгі Астанасының арасындағы осы бір байланыс көп нәрсені анғартса керек. Бұл жер - ұлы ойшыл Қорқыт Ата дүниеге келген ежелгі шығыс өркениетінің орталығы, түркі мәдениетінің алтын көмбесі болған, адамзаттың айға ұшар арманы орындалған өміршең өлке.

Айткүл Сартаева, Қызылорда қаласының тұрғыны:

Астана қаласының өнерпаздарының өнеріне тәнтіміз, рақмет. Көңіл-күйіміз өте жақсы. Барлық қазақ халқына құтты болсын.

«Астанадан ақ тілек» мерекелік шарасы аясында бас қаланың қалыптасуы, дамуы, әлемдік рөлі жайында сыр шертетін көрме өтті. Мұнда танымал суретшілердің үздік туындылары да қойылды.

Шарипа САҚТАПОВА