Русский Сайттың толық нұсқасы

«Тақтар ойыны» Emmy-2018 сыйлығының 7 сыйлығын иеленді

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2018
  • 2761

«Тақтар ойыны» Emmy-2018 сыйлығының 7 бірдей сыйлығын жеңіп алды. Осылайша, телехикая лауреаттар арасында көшбасшы атанды. Сериалмен жұмыс істегендерге костюм үшін, музыка, саунд-продакшн, грим және арнайы эффект үшін қошемет көрсетілді. Тағы екі сыйлықты телехикаяның продюсерлері иемденді. Жобаның өзі 22 категория бойынша ұсынылған.  Осылайша, «Тақтар ойыны»  Emmy-дің 38 премиясын жеңіп алды.

Мүсінше саны жағынан екінші орын «Америкалық қылмыс тарихы» фильмінің «Джанни Версаченің өлімі» атты екінші кезеңіне бұйырды. Ол 4 мараптқа ие болды. Бұл Emmy-2018 сыйлығының алғашқы түні. Марапттаудың екінші түнінде 40 номинация иегері анықталады. Ал Emmy-дің басты оқиғасы 17-ші қыркүйекте өтеді.