Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Б. Сұлтановқа Астананы дамытудың жаңа үлгісін әзірлеуді тапсырды

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2018
  • 3230

Кешеден күткен жаңалық. Астана әкімі ақыры Бақыт Сұлтанов болды. Президент су жаңа әкімге қаланы дамытудың тың үлгісін даярлауды тапсырды. Ал Президент Әкімшілігі алдындағы тапсырма түбегейлі жаңарады. Бүгін ұжымға жаңа жетекші Әсет Исекешевті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі таныстырды. Тілші тарқатады.

Әсет Исекешев бұл ұжыммен бұрыннан таныс. Кезінде президенттің көмекшісі болғанда қоян-қолтық жұмыс істеген. Қызмет жолын Орал зауытында слесарь болып бастаған Әсет Исекешев 9 жылдан артық министр лауазымында болды. Вице-премьер қызметін де қатар атқарды. 2 жылдан астам Астана әкімі болды. "Осы аралықта Елорда тұрғындарын белсенділігі мен креативті көзқарасымен  риза етті», - деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Индустриялық бағдарламаны орындауға бүкіл Қазақстан бойынша көп еңбегі сіңді. Жаңалыққа жаны жақын, жас. Сондықтан әкімшілікте көп пайдасын тигізеді деп сенемін. Жұмыс көп істейтін.

Бұдан былай Президент Әкімшілігі алдындағы тапсырма түбегейлі жаңарады. Нұрсұлтан Назарбаев бұл іске иық тіресе жұмыс істеген жастарды тартуды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Особо хочу подчеркнуть, что сейчас работа переходит на региональный уровень, деятельность акиматов всех уровней надо контролировать, помогать и работать. 

Әсет Исекешев сенімді ақтауға ант берді. Бұған дейін әкімшілікке жетекшілік еткен Әділбек Жақсыбековтің өз еркімен қызметтен кетуге арыз бергені белгілі болды. Президент оның әділ жұмысын бағалап, денсаулық пен табыс тіледі. Ал Әсет Исекешевтің жаңа қызметіне қатысты көп шенді пікір білдіре қоймады.

Әсет Исекешевтің тағайындалуына қалай қарайсыз?

Қала әкімі болған тұста қызметкерлерін таксиге отырғызып кеткен Әсет Исекешев министрлерді де қымбат көліктерінен түсіре ме? 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Таксиге отырғызып қойса? - Не знаю. Надо думать. Ойлауымыз керек. Надо посчитать.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

Мы, наверное, готовы. Потому что нас обслуживает гараж. Ни одна машина не принадлежит министерству. Поэтому нам безразлично.

Ал Исекешевтің орынтағын құрдасы Бақыт Сұлтанов басты. Алматы тумасы. 46-да. 23 жасынан қазына қаржысының есеп-қисабын біледі. Президент көмекшісі де болды.  Ал әкім лауазымына тағайындалуы тұңғыш рет. Мәслихат депутаттарының келісім алған соң, жаңа әкімді таныстырған мемлекет басшысы негізгі міндеттерін айқындап, жаңа тапсырмалар жүктеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Необходимо внедрить новую модель развития. Важно создать комфортную среду для продвижения инноваций и роста креативных людей. Для этого следует разработать долгосрочную стратегию развития города до 2050 года. К 2030 году по нашим расчетам население города превысит 2 млн человек. К этому нужно готовиться уже сейчас.

Ал әріптестері оның әкім қызметін абыроймен атқаратынына шүбә келтірмейді. Көмектесуге де дайын.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы  істер министрі:

Әкімге қолдау көрсетеміз. Соның ішінде шетелден инвестиция тартуда. - Как вы считаете Б.Султанов справится с таким очень важным регионом как Астана после министерства? - Султанова мы уже давно знаем. Поэтому нет сомнения, что он оправдает доверие Елбасы и народа.

Президент пен халық сенімін ақтау үшін үйсіз жүрген үлескерлер мен, жаңбыр жауса, су басатын көшелер мәселесі де шешілуі тиіс. Жаңа әкім алдындағы мың тапсырманың бірі - осы. Бұған дейін әкім болған Әділбек Жақсыбеков бастап, Исекешев қолдап, Астана сасық иістен біржола арылған еді.