Қыс қыр астында! Алайда кейбір облыстар жылу маусымына толық дайын болмай шықты. Солтүстік Қазақстан, Павлодар өңірлерінде көмір, Ақмола мен Қарағандыда мазут жетіспейді. Бұл туралы Энергетика министрі мәлімдеді. Келесі айдан бастап кейбір облыстар жылудан қағылуы мүмкін. Өйткені энергия өндіруші ұйымдардың берешегі бірнеше миллионнан асып кеткен. Сондай-ақ, Бозумбаев жанармай экспорттау бағыттары іздестіріліп жатқанын айтты. Өйткені қазір қоймаларда 350 тоннаға дейін артық жанармай бар көрінеді.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
Біз алдағы қазан-қараша айларында жанармайды экспорттауды бастауымыз керек. Егер де сатып алушылар табылмаса, қайта шегеруден басқа амалымыз жоқ. Қазір Ресеймен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ал қырғыздармен келісімді аяқтауға таядық. Сыртқа тек өзімізден артылған жанармайды ғана сатамыз.