Қандала қаптады. Алматыда аты дардай Қазақ Ұлттық техникалық университетіне қарасты жатақханада қансорғыш қаптап кеткен. Соған қарамастан, ғимаратта ине шаншар орын жоқ. Студенттер тіпті жертөледе тұруға мәжбүр. Ұлттық университетке арман қуып келген жастар, жатақханада жәндікпен бірге тұруға дайын. Әріптесім Олжас Нұржақып студенттерге қонаққа барып қайтты.
Міне мына шкафтардың түбінде тұр, көрінсе... жұмыртқалап кеткен. Қандала жиһаздарды түгел кеулеп алғанға ұқсайды. Биыл осы ғимаратқа қоныстанған екінші курс студенті Сұлтан түнде дұрыс ұйықтамайды. Қанішер жәндікпен өздерінше күресіп көрген. Жатақхана әкімшілігі хабардар. Бірақ, қандаланың алдында олар да қауқарсыз сияқты.
Сұлтан Әуезхан, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 2 курс студенті:
Кейде шағады. Біз өзімізше дизенфекция жасап қойдық, белизна болады, сонымен де жуып қойдық. Бірақ кеткен жоқ.
Жәндікке
жайлы жатақхана студенттерге аса жайсыз болып тұр. Төрт адамға шақталған
бөлмеде бес кереует. Төсек жетпегендері жерге
жайғасқан.
Раушан Алтынбекова, Қ.
Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 4 курс студенті:
Бұған дейін 3 жыл бойы жатақханада тұрып келдік. Биыл бірінші курстың көптігіне байланысты жатақхана жетпеді. Сол үшін осылай тұрып жатырмыз.
Олжас Нұржақып, тілші:
Адам саны көп болған соң, жертөле де жатын орынға айналса керек. Арнайы тексеріс тобы ол жерге кіре алмады. Бірақ терезеден сыртқа қарата қойылған мына теледидар антенналары жертөледе адам тұратынын білдіреді.
Оқу орны басшылығы қандаламен күресті осыдан 30 жыл бұрын бастаған. Бірақ нәтижесіз. Жарты ғасыр бұрын салынған жатақхана 3-5 жыл сайын жөнделеді. Бірақ ескі ғимаратты аршып алу мүмкін емес.
Алма Рақымділдәева, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттік сұрақтар бойынша департаменті директорының орынбасары:
Улау жұмыстарын жүргізетін
арнайы ұйым да құрылды. Бәрібір
нәтиже жоқ. Осы жылы бірінші курсқа түскен студенттер өте көп. Содан қосымша
керует қойып, оқу залдарын жатын орынға айналдыруға тура келді.
Политехникалық университетке қарасты бес жатақхана мың жарым студентке
арналған. Қазір оларда 150-ден астам адам тұрып жатыр. Мұндайда санитарлық
талаптарды сақтау да оңай емес.
Олжас НҰРЖАҚЫП