Астанада 152 пәтер заңсыз жалға берілген. Жарты ай жүргізілген тексеріс кезінде салықшылар осыны анықтады. Бас қалда кәсібін көлеңкеде дөңгелткен пәтер қожайындарын тексеру үш айға жалғасады. Елде жалға берілетін пәтерлердің 45 пайызы қазынаға бір тиын да салық төлемейді. Қазір заң бойынша бизнесті тіркеу туралы ескерту жасалды. Оны орындамаса, 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 36 мың теңге айыппұл салынады.
Ербол Амерханов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің камералдық мониторингі басқармасы басшысының орынбасары:
Ставка
бізде 10 проценттен 1 процентке дейін түсіріп тастаған. Адамға тығылып жұмыс
істегеннен ешқандай пайда жоқ. 1 процент
100 мың теңгені көрсететін болса, 1000 теңге ғана төлейді. Сондықтан адамға
регистрацияға тұрып, жұмыс істеген дұрыс болады.