Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықаралық маңызы бар жолдың құрылысы бақыланбайды - депутаттар

  • AstanaTV
  • 13 қыркүйек 2018
  • 3118

Депутаттар халықаралық маңызы бар жол құрылысының жақын арада аяқталарына сенбейді. Өйткені Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізінде Түркістан, Жамбыл облыстары шекарасындағы туннельде саусақпен санарлықтай жұмысшылар жол төсеп жатқан көрінеді. Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай  осылайша созбақтап жүргенде жоба құны бастапқы 2,8 млрд-тан 8,5 млрд-қа дейін өсіп кеткенін де айтты.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Мен басында болып қайттым. Бар болғаны 27 адам ғана істеп жатыр, мен қолыммен санап шықтым. Сіздердің есептеріңізде 100 адамнан істеп жатыр деп айтылады. Күз болса келіп қалды. Жаз кезінде істелмеген жұмыс енді қай кезде істеледі?