Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық банк пен Үкімет "Цеснабанктен" 450 миллиардқа несие сатып алады

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2018
  • 2355

Ұлттық банк пен Үкімет «Цеснабанктен» 450 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы несиелер портфелін сатып алады. Бүгін қос тарап осы орайда арнайы мәлімдеме жасады. «Цеснабанк» «Агробизнес - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға белсенді атсалысқан. Банк үлесіне саланы несиелендірудің 65%-дан астамы тиесілі. Ұлттық банк пен Үкіметтің ақшасы қайта несиелеу мен несие мерзімін ұзартуға жұмсалады. Мәлімдемеде бұл қадам агросаланы сауықтыруға, сондай-ақ «Цеснабанктің» қаржылық тұрақталығын нығайтуға сеп болады делінген.