Русский Сайттың толық нұсқасы

1 қазанда тұмауға қарсы егу басталады

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2018
  • 3080

Елде 1 қазанда тұмауға қарсы егу жұмыстары басталады. Биыл жұқпалы вирустың қауіпті деген үш түрі таралуы мүмкін. Бұл туралы бас санитар  Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Биыл 1 млрд 200 млн теңгеге Ресейде өндірілген «Гриппол +» вакцинасы сатып алынған. Ол 1,5 млн адамға жетеді. Екпе салу құны 1600 теңгеден 3500 теңге аралығында.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

Cозылмалы өкпе, жүрек қан тамырs, иммундық жеткіліксіздігімен ауыратын адамдар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер мемлекет бюджеті есебінен вакцина қабылдайды.

Биылғы вакцина құрамына тұмаудың қауіпті деген үш түрі кіреді. Ол «Мичиган», «Сингапур» және «Колорадо». "Оның ішінде Сингапур жаңа тип болғандықтан, тымаудың бұл түріне иммунитет кеңінен қалыптаса қойған жоқ", - дейді Бас санитар.