Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналық шебер Геннадий Головкинге арнап ерекше кебіс тікті

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2018
  • 2619

Астаналық шебер Геннадий Головкинге  арнап ерекше кебіс тікті. Осылайша, ісмер даңқты отандасымызға байрақты бәсеке қарсаңында сый-сияпат жасамақ болған. Әлеуметтік желіде тараған мына видео көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Астаналық Самғау Нәсіпхан Геннадий Головкинге  ұлттық нақыштағы етік тігіп, бейнеролик түсірген.

Самғау Нәсіпхан, қолөнер шебері:

Ол кісінің арнайы 43-ші размер киетінін біліп, арнайы тіктік. Таза шердің терісінен табының іші-сыртының барлығын таза теріден жасап, 1 айдың көлемінде дайындадық. Бұйыртса, алдағы уақытта өзіне береміз деп жоспарлап отырмыз.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы жексенбі, 16 қыркүйек күні  таңғы сағат 6:00-де Геннадий Головкин өзінің мексикалық қарсыласы Сауль Альвареспен қарымта кездесу өткізеді. Бұл қос бокшсы үшін де "тарихи"  шайқас болады деп күтіледі. Әлбетте, GGG-ге сәттілік тілейміз.