Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде 52 өзбек азаматының өмірін жалмаған оқиғаға тірі қалған өзбек азаматы кінәлі болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2018
  • 3355

Ал Ақтөбеде 52 өзбек азаматының өмірін жалмаған сұмдық оқиғаға тірі қалған өзбек азаматының бірі кінәлі болуы мүмкін. Бүгін сот алдында жауап берген автобус жүргізушілерінің бірі Мақсат Пернебеков осындай мәлімдеме жасады. Ол өрт болмай тұрып жолаушылар арасында жанжал болғанын айтты. Сот орнынан бақыт Рахметова. 

Бақыт Рахметова, тілші:

Жантүршігерлік жағдайда ұлдарынан айырылып қалған жәбірленуші тарап сотқа онлайн түрде қатысты. Өзбек азаматтары Түркістанның Сарыағаш ауданы сотынан байланысқа шықты. Балаларының өлгеніне әлі де сенбейтін олар жүргізушіні сұрақтың астына алды.

-Кім біледі?! Кім жауап береді?! Балалар өз-өздерінен жанып кетті ме?

Айыпталушы Мақсат Пернебековтің айтуынша, оқиға болған кезде көлік соляркасы қатып қалғандықтан тоқтап тұрған. Сол кезде ол шамалы демалып алмақ болып, ұйқыға кетіпті. Ал жолаушылар автобус салонында жылыну үшін дәнекерлеуші шамды жаққан көрінеді.

Мақсат  Пернебеков, айыпталушы:

Бір есімді білсем, маған айтылды. «Пожар» деп айқайлады. Тұрсам, от шығып тұр. Оттан жарақат алған күйі қашып шықтым. 19-ы күні  есімді жиып сұраған кезде алдында тірі қалған өзбек азаматынан, ол осылай айтты: баклажканы Ахрам теуіп жіберді деп. Сөйтсек, жаңағы Ахрам келесі группаның старшийларымен төбелесіп қалған екен.

Автобустың тағы бір жүргізушісі Барат Танатовқа қатысты жәбірленушілердің өз уәжі бар. Ол әу баста автобусқа жолаушы ретінде мінген, артынан жүргізуші шаршаған соң рөлге отырған көрінеді. Оның тіпті жүргізуші куәлігі жоқ екендігін айтылды. Тірідей жанып кеткендердің туғандары Пернебековтің мәлімдемесінен кейін апаттан аман қалған 2 өзбек азаматын да сотқа шақыртуды сұрады.

Еске салсақ, олар әзірге іске куәгер ретінде тартылған. Қаңтардың 18-інде болған қайғылы жағдайға бірнеше адам айыпталып отыр. Автобустың 3 жүргізушісінен бөлек, көлік қожайыны және автобусқа жауапты «Азия транзит сервис» компаниясының басшысы мен механигі бар. Соңғы екеуі қолхатпен бостандықта жүр. Олардан сотта көліктің техникалық қауіпсіздігіне қатысты жауап алынбақ. Ал автобус автобус қожайынын халықаралық іздеуде.

Бақыт РАХМЕТОВА