Русский Сайттың толық нұсқасы

КХДР жақын арада Йонбондағы ядролық реакторды бөлшектеу жұмыстарына кіріседі

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2018
  • 2742

Корея Халық Демократиялық Республикасы жақын арада Йонбондағы ядролық реакторды бөлшектеу жұмыстарына кіріседі. Бұл Пхеньянда өткен қос Корея арасындағы саммиттің басты келісімі. Осылайша, Корей түбегінде көптен күткен бейбітшілік орнайды деп күтіліп отыр. Мұнан өзге Оңтүстік пен Солтүстік елдер арнайы қорғалған аймақтан әскерлерін шығарып, ол жерде әскери оқу-жаттығу жұмыстарын біржола тоқтатуға шешім қабылдаған. Сәйкесті келісімге қос елдің де қорғаныс министрлері қол қойыпты. Келісім нәтижесін екі елдің президенті де жоғары бағалап отыр.  Біз әскери акт қабылдап отырмыз. Осылайша, тарихтың қатал беттерімен қатар, көп жылдық өшпенділікке де нүкте қоямыз деп шештік. Осылайша, Корей түбегін ядросыз бейбіт жерге айналдыруды көздеп отырмыз. Онда ядролық қару да, қауіп те болмайды.

Оңтүстік және Солтүстік Корея тұңғыш рет ядролық қарудан бас тарту туралы келісімге қол жеткізді. Бұл өте жақсы нәтиже. Солтүстік Корея Тончхан сынақ полигонын толық жаппақ. Онда ракета ұшыратын қондырғылар тиісті елдердің сарапшыларының көзінше тоқтатылатын болады.