"Астанафильм" киностудиясы келесі жылы салынуы мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі мәлімеді. Қазір ғимараттың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Құжат дайын болған соң, жоба құны белгілі болады. Жаңа нысан Астанда екінші "Қазақфильмнің" рөлін атқарады.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мәдениет және спорт министрі:
Экспо айналасында болады. "Астана опера" қойылымдық жағынан ғана емес, архитектурасы арқылы да үлкен қызығушлық туғызып жатыр. "Астана фильм" орындау шеберлігі жағынан ғана емес, архитектурасы арқылы да тиімді, сүйкімді болса дейміз.
Бүгін Мәжілісте "Кинематография туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұдан былай мемлекеттік тапсырысқа түсірілетін фильмдерді Ұлттық комиссия қарайды. Содан соң бөлінетін қаржы бекиді. Мұндай фильмге ұлттық мәртебесі берілуі үшін, ол мінсіз болуы шарт. Осы тұста спикер кейбір қоғамдық сұранысқа ие фильмдер мұндай крийтерийден өтпей қалуы мүмкін деді. Нығматулин "Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңмен" фильмін мысалға келітрді.
Посмотрите - это употребление в общественном месте, это незаконное вторжение в чужую частную собственность и так далее. И самое главное, увел чужую жену. По реакции некоторых людей - это не считают нарушением.