Русский Сайттың толық нұсқасы

Бақыт Сұлтанов «Нұр Отан» партиясының елордалық филиалының төрағасы болып сайланды

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2018
  • 2552

Бақыт Сұлтанов «Нұр Отан» партиясының елордалық филиалының төрағасы болып сайланды. Партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев таяуда тағайындалған Астана әкімін  құттықтап, жаңа жұмыста табыстар тіледі.

Сондай-ақ, партия филиалының 26-шы конференциясында қатысушылар Президенттің бес әлеуметтік бастамасы мен партиялық жобалардың іске асу барысын талқылады. Мәулен Әшімбаев "Цифрлы Қазақстан", "Рухани жаңғыру" бағдарламаларына үлес қосу мақсатында қолға алынған ІТ-сынып, ІТ-орталық, «Мектеп асханалары мен спорт алаңдарын жаңғырту» жобаларына ерекше назар аударды. Бүгінде «Нұр Отан» партиясының бастамасымен Астанада IT-сынаптар ашу және кітапханаларды заманға сай білім орталықтарына айналдыру жобалары қарқынды түрде жүзеге асып жатыр.  

Сапарқызы Д.