Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда мемлекеттік қызметкерлер денсаулығы жайлы жалған медициналық анықтамамен жұмысқа тұрмақшы болған

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2018
  • 3467

Қарағандыда мемлекеттік қызметкерлер 086 медициналық анықтамасын ақшаға жасатып, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жұмысқа тұрмақшы болған. Бұл туралы мекеме басшылығы айтты. Тексеру комиссиясы жұмысқа тұру үшін жасанды анықтама тапсырған кандидаттарды брифингке шақырған.

Берік Ахметов, облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл департаменті басшысының орынбасары:

3 жасанды құжат анықталды. Бұл - 086 анықтамасы. Біз жемқорлыққа қарсы күресетін органбыз. Мемлекеттік мекемелердің қызметін қадағалаймыз. Сөйте тұра сіздер бізге жұмысқа тұру үшін әлден - ақ заңды бұздыңыздар.

Олар медициналық анықтаманы қаладағы екінші және төртінші емханадан алған. Дәрігерлердің қолы да, мөрі де бар. Бұл таңбалар азаматтардың психо-неврологиялық, наркологиялық саулығы мен туберкулезбен ауырмайтынын растайды. Алайда құжаттың жалған екенін денсаулық сақтау басқармасының өзі растаған. Ал кандидаттар болса ол анықтамаларды дәрігерлердің тексерісінен өткен соң ғана алғандарын айтып отыр. Енді бұл істер тергеу орындарына тапсырылмақ. Қазіргі таңда бұдан басқа тағы 4 оқиға бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ медициналық құжатты 2500 теңгеге сатып жүрген азамат екі ай бұрын ұсталған болатын.