Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды-Теміртау автобанының жарылуына жаңбыр суы себеп болған

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2018
  • 2899

«Қарағанды-Теміртау» автобанының жарылуына дала сулары себеп болған. 5 шақырымнан астам тас жолды «Георадар» атты сканерленген техникамен тексерген мамандар осындай қорытынды шығарған. Бұл туралы бүгін «Қазавтожол» ҰК -ның Қарағанды облыстық филиалының өкілдері хабарлады. Олардың мәлімдеуінше, бетонның астындағы топырақ жол жиегіне аққан жауын- шашын мен қар суларынан ылғалданып төмендеген.

Салдарынан қуыс пайда болып, көлік ағымына шыдамай жарылған. Бұл жолмен тәулігіне 23 мың машина жүріп өтеді. Енді оны мердігер компания өз қаражатына қайта нығыздап жөндейтін болды. Еске салсақ, магистральді салуға республикалық бюджеттен бақандай 11 млрд теңге бөлінген. Жоспар бойынша 2019 жылы пайдаға берілуі тиіс.  

Қуаш А.