Русский Сайттың толық нұсқасы

Вашингтон Ресейге қарсы санкцияны кеңейтті

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2018
  • 2905

Ресейге қарсы санкцияларды кеңейткен АҚШ-тың қара тізіміне бүгін тағы 27 ресейлік және 6 түрлі компания ілікті. Бұған 2016 жылғы президенттік сайлауға араласуын себеп етіп отыр. АҚШ мемлекеттік департаментінің сайтында санкцияға Ресейдің қорғаныс және барлау секторына қатысы бар адамдар мен кәсіпорындар кіргені хабарланды.  Қара тізімге бұрын санкцияға іліккен қаржы министрлігінің өкілдері де еніп отыр.

Бұл шара әскери мүкіндіктерді бұзуға емес, «АҚШ-тың сайлау процесіне араласуы және басқа да елдерге көрсеткен қылығы мен қаскүнемдік қызметі үшін шығынға батыруды көздейді. АҚШ Мемлекеттік департаменті санкция салудың себебін осылай түсіндірді.

Кәкімжан С.