Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанадағы «жарқырамайтын» көшелер. Ол жерлерде қоғамдық көлік қатынасы да қиын

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2018
  • 3220

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу баратынын айтыпты. Оң жағалаудағы Президент резиденциясы мен үкімет үйі болған ғимаратта орналасқан әкімдікке жақын тұратын ол, өте күрделі проблемаларға тоқталып, бірінші кезекте нөсер жауса, қаланың көлге айналатынын атапты. Уытты әзілдерге ашуланбаймын, депті.

Иә, Астанада проблема жетеді: жолдары шұрық-тесік, ойқы-шойқы, автобус қатынасы нашар аудандар бар. Диана Сапарқызы адамдар автобусқа сыймай тығылысқан жерден репортаж дайындады.

Гүлнұр Отарова, Астана қаласының тұрғыны:

Көшеміздің жағдайы өте нашар. Ертең кішкене жаңбыр жауа бастағанда лай батпақ. Баларға спорт киімі бар, мектеп ішіне киетін аяқ киім бар. Ал үшінші аяқ-киім резиновый аяқ киімді тасып жүруіміз керекпіз. Сол жағынан ыңғайсыз.

Рая Сейітқазықызы, Астана қаласының тұрғыны:

Жол быт-шыт. Күнде әне сабаққа қаншама аяқ-киіммен жүреміз, біз. Қазір шаң вообще страшно. Жаңбыр жауса, бір-екі күнде жаңбыр болады дейді. Білмеймін не болатынын. Мына жерге шығу үшін ботимен шығамыз. Проблема бізге.

Дәулет Серікбай, Астана қаласының тұрғыны:

Ешқандай әкімдікке қарамайды-ау деймін. Ешқандай жұмыс жүргізіліп жатқан. Өзге аудандардағы бардюр, брюсчаткаларды неге осы ауданға неге төсемейді. Ол да мемлекеттің мүлкі ғой. Бірақ олай істемейді. Ол ескі бручатканы сол фирманың басшылары халыққа сатып жібереді. Ақша бөлініп жатыр. Ал адамдарға бөлінбейді.

Бұл астаналық тұрғындардың жанайқайы. Арман қуып келгендер елдің ордасында емес, қараусыз қалған шалғай аудандарда тұратындай кейіптеміз дейді. 20 жыл өтті. Ойқы-шойқы жолдар.

- Міне, жаяу адам жүретін арнайы бегі де жоқ, көріп тұрғандарыңыздай. Мектептке баратын балаға мына жүрден өту өте қауіпті.

-Өтіп көрейік. Тіпті менің өзіме де тоқтамай тұр. Тез өтіп кетейік, балақай!

Рая Сейітқазықызы, Астана қаласының тұрғыны:

Неге мына жерге пешеход салмайды? Былтыр менің баламды жолдың үстінен машина қағып кетті. Сал десе жоқ. Не үшін? Оған кім жауап беру керек? Пешеходқа? Не знаю не істеуге можно. Не істейді әкім, неге қарамайды? Керемет райондарды ғана қарайды. Ал мына жаққа ешкім кіргісі келмейді.

Сол баяғы қоғамдық көлік мәселесі тағы бар.

- Міне, көріп тұрғандарыңыздай, көптен күткен «120» автобустан орын таба алмай қалдық. Бұл ықшам ауданға жүретін жалғыз автобус. Өкінішке орай, тұрғындар бұл автобусқа сыймай қалып жатады.

– Мінейінші! -

Сыймайсыз!

Клара Керейбаева, Астана қаласының тұрғыны:

Таңертең мектепке баратындар сыймай қалып жатыр. Жұмысқа баратындар кешігіп, жұмыстарынан қалып жатыр.

Катерина Коновалова, Астана қаласының тұрғыны:

Күтіп тұрмыз. Әлі жоқ. Бұрындары бес минуттың ішінде келетін. Қазір жарты сағат, бір сағат күтіп тұрамыз, автобусты. Кейде келмей қалатын жағдай болады. Онда жаяу жүруден басқа амалымыз жоқ.

Ашынған тұрғындардың мәселемен әкімдікке ат басын бұрдық.

Асқар Исақов, Астана қалалық әкімдігі «Жолдарды салу және жөндеу» бөлімінің басшысы:

Қазіргі таңда үлкен сыйымдылығы бар автобус жіберу ол жерге мүмкіншілік болмай тұр. Өйткені көргендеріңіздей, әрбір бұрылыста қарама-қарсы машинамен бірге сыйып өте алмайды.

Расында ол жердегі көшелер тар. Алайда жолды кеңейту қарастырылмаған.

Асқар Исақов, Астана қалалық әкімдігі «Жолдарды салу және жөндеу» бөлімінің басшысы:

Землячный бұрынғы аты айтып тұрғандай, дачный арасындағы жол. Ол жерде ешқандай дүние қарастырылмағандықтан ол жерде біз үлкен жобалар Сейфуллин даңғылы мен Абайдың 150 жылдығын қамтамасыз еткендіктен, ол кеше екінші болып қалады. Ол көшемен жолаушылар тасымалы да, басқа да тоқтатылатын болады. Ол жердің орнына Абайдың 150 жылдығы мен Сейфуллин көшесі қамтамасыз етеді.

Соңында әкімдіктің инфрақұрылымнан жұрдай көшеге қатысты өз жоспары барын білдік. Келер жылы тұрғындар көшудің қамына кіріссе болады.

Асқар Исақов, Астана қалалық әкімдігі «Жолдарды салу және жөндеу» бөлімінің басшысы:

 Ол жерде біз саяжай аумағына біз кіре алмаймыз. Өйткені ол жерді біздің қаланың бас жоспары бойынша бұзу қарастырылған.

 Шенеуніктің бұл мәлімдемесі тұрғындарды «қуантамыз ба» деп барған біздің үмітімізді су сепкендей басты. Келесі жылы саяжай толығымен сүрілмек. Ол жерге инвесторлар жаңа жобамен келмек. Ал тұрғындарға өтемақы төлеу туралы қандай да бір ақпарат бермеді. Тұрғындар үшін автобус күткеннен жаман мәселе болып шықпаса болды.

Жалпы, Астананың жарқырамайтын, шет жақтарына келсек, атқамінерлер хабарлағандай, «Көктал-1», «Көктал-2» және «Агроқалашық» тұрғын алаптарында жөндеу жұмыстары жүріп, қосымша 30 шақырым жол салынып жатыр. Сондай-ақ, ескісі көп Сарыарқа ауданының шет аймағында жаңа жолдар, тротуарлар, аула алаңдары мен нөсер кәріздері салынбақ. Ал жөндеу жұмыстарына қанша қаржы бөлінгені туралы ақпаратпен де әкімдік өкілдері бөліспеді. "Келесі жылы бітіреміз",- деп бітірді.

Диана Сапарқызы «Біздің уақыт»